Пост-релиз "ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық Академиясы"

Пост-релиз

 

"ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық Академиясы" аясында еліміздің түкпір-түкпірінен 50 дарынды финалисттер ерекше оқу бағдарламасында білім алды

 

 

Жастар жылы аясында 25 маусым күні сағат 19:00-де Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театрында "ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық Академиясы" финалистерінің қатысуымен тамаша Гала-концерт өтті. Жыл сайынғы 10-күндік жастардың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамуға бағытталған инновациялық платформа 16-26 маусым аралығында ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясының 10 жылдық мерекелесін атап өтуге арналған.

 

ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы – бұл еліміздің жетекші мамандары мен мэтрлерінен  білім берудің барлық саласында құнды білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан жастары үшін бірегей платформа. 2016 жылы бастау алған жоба ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жыл сайын өткізілетін іс-шара. Академия жасөспірімдерді төзімділік рухында тәрбиелеу және мемлекеттің болашақ шығармашылық және ғылыми әлеуетін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның талантты жастарын дамытуға және қолдауға бағытталған. Жоба бағдарламасы Қазақстанның барлық аймақтарындағы дарынды балалар мен жастардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, ЮНЕСКО-ның мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы озық бағдарламаларына тегін қол жеткізуге, сондай-ақ өзінің шығармашылық және ғылыми дарынын ашуға және арттыруға мүмкіндік береді.      

 

Мемлекет болашаққа жоспар құрып, одан әрі даму аяларын анықтап, жақын арада оның негізгі қозғаушы күші патриоттық және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиеленген жігерлі жас көшбасшылар болатынына сенеді. Осыған орай, "ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық академиясының" төртінші циклы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 12-18 жас аралығындағы дарынды жастар үшін өз есігін ашты. Жыл сайын академия бағдарламасын жетілдіре отырып, осы жылы жобаны ұйымдастырушылар дәстүрлі шығармашылық бағыттардан басқа "ғылыми және жобалық белсенділік" атты жаңа номинацияны енгізді.  

Жобаның мақсаты: Мемлекеттің шығармашылық және ғылыми әлеуеттің болашағын қалыптастыруға бағытталған білім берудегі инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының дарынды жастарын дамыту және оларға қолдау көрсету.

Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен.

Жобаның конкурстық кезеңі біздің байтақ еліміздің 14 облысынан және шалғай өңірлерінен 2.000-нан астам дарынды және талантты балалар мен жасөспірімдерді қамтыды. Қазылар алқасы Академияға қатысу үшін алты бағыт бойынша ең дарынды 50 баланы таңдап алды. 10 күндік инновациялық білім беру бағдарламасы төменгі бағыттарды қамтыды: ғылым және жобалық белсенділік, коммуникативті дағдылар мен шешендік өнер, бейнелеу өнері, музыкалық өнер, вокалдық өнер және хореографиялық өнер.

— ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы еліміздің ғылыми әлеуетіне халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, білім беру жобасының тамаша үлгісін қалыптастыру. Біз жастарды қазақстандық  мәдениетті әлемдік деңгейге көтеріп, және отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын елдің ұлттық негізін қалыптастыруға барынша тарта отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясымен бірлесіп жұмыс істеуге әрқашан қуаныштымыз — дейді Жанар Қошпанова, "Шеврон" компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, академия әр студенттің мүддесін ескеретін білім беру және мәдени бағдарлама дайындады. Оқу-дәрістік курстарға инновациялық көзқараспен қарайтын үздік тәлімгерлерді, спикерлерді шақыру мақсатында үлкен жұмыс атқарылды. Биылғы жылы бағдарламаны "STEAM Education" бойынша арнайы практикалық лекциядан, түрлі мастер-класстардан, көшбасшылық, ХХІ ғасырдың дағдылары, төзімділік тренингтерінен елдің жетекші жоғары оқу орындарының шақырылған оқытушылар мен мұғалімдерден жаһандық азаматтықты қалыптастыру бойынша тренингтерден өтіп, балалар құнды білім ала алатындай етіп түрлендірді.

 

Сонымен қатар, Қазақстанның көрнекті өнер және ғылым қайраткерлері мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының Лауреаттары арасынан өз білімдері мен тәжірибелерін қатысушылармен бөлісетін және оларды жобаның қорытынды бөліміне дайындайтын тәлімгерлер анықталды. Оған қоса, финалисттерге, Massaget.kz, Tengrinews, Vesti.kz ақпараттық порталдарының редакцияларын, The Steppe медиа-порталының редакциясын және "OYLA" ғылыми-көпшілік журналының редакциясын аралап, журналистика әлемін зерделеп, Б. Аюхановтың би театры мен "Самұрық" би театрының құпиясын аша алды. Ал ең күтпеген қонақ болып еліміздің жарқын жұлдызы Сәкен Майғазиев финалистерге пайдалы кеңестерің беріп, өнерлерін қолдады.

Ғани Абадан (бизнес-жаттықтырушы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі, Қазақстандағы алғашқы бизнес құру жөніндегі тренинг-кітаптың авторы #БизнесПоЛюбви), Зауре Розмат (The Steppe медиа-жобасының негізін қалаушы), Алмас Тұяқбаев (ZeroToOneLabs.com жобасының негізін қалаушы) және Арман Юсупуов (Yuframe тобының және “2any1” негізін қалаушы) сияқты белгілі қайраткерлер арқасында дарынды балаларға өз арманына жақын болу үшін жоғарыда аталған спикерлермен шығармашылық кездесулер мен мастер-класстарға баруға және  оларға қызықтыратын сұрақтарды қоюға бірегей мүмкіндік берілді.

"ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық Академиясының" қорытынды кезеңі музыкалық, вокалдық және хореографиялық өнер бағыттары бойынша қатысушылар Гала-концертте «Арқайым» этно-фолк бағытындағы танымал топпен біргк өз өнерлерін көрсете алды. Концерт соңында қатысушылар ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының әнұранын орындады. Шығармашылық Академиясының көрмесінде бейнелеу өнері бағытындағы финалисттер атақты суретшілердің жетекшілігімен орындалған өздерінің қорытынды жұмыстарын ұсынады. Ғылыми қызмет номинациясында қатысушылар жоба тарихында алғаш рет қарапайым және қол жетімді тілде зияткерлік жекпе-жек болжайтын "Science Slam" форматында өнер көрсетеді. Өз кезегінде, коммуникативтік-шешендік өнер номинациясының финалисттері шешендік және актерлік бағыттар бойынша алған білімдерін көрсетеді, сондай-ақ бітіру жазбаша жұмыстарын ұсынды. Концерт соңында қатысушылар көрермендердің күш-қуатымен толып, ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының әнұранын орындап, бір үлкен отбасының балаларындай сезінді. Академияның үздік түлектері Қазақстанның болашақ шығармашылық және ғылыми әлеуетінің өзіндік кадрлық резерві болды.

 

    

БАҚ үшін байланыс

 

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі 

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

    

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының  баспасөз қызметі

PR-маман Камила Даулетова

+7 (727) 394-32-32, +7 (701) 298-00-88

kamila.kazfuca@gmail.com, www.kazfuca.kz