Положение конкурсов

                                                                                                           жалпы білім беру мектеп оқушылардың арасындағы

                                                                                                                            « КҮЙ ҚАЙНАРЫ»                                                                                           

                                                                                                              VII қалалық күй тартысын өткізу туралы

ЕРЕЖЕСІ

Өткізілетін орыны: №2 БММ, Ш. Айманов көшесі,8

Өткізілетін уақыты:  09.12. 2018 ж.

Ұйымдастырушы: Астана қ. Білім басқармасы,  №2 БММ – Юнеско клубы

Қатысушылар: жалпы білім беретін мектеп оқушылары

      Мақсаты:

- дәстүрлі күй тартыс өнерін оқушылар арасында дәріптеу

Міндеті:

- қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту және        сақтау;

- оқушылардың ықыластылығын, есте сақтау, тыңдау  қабілеттілігі       дамыту;

- балалардың патриоттық сезімі мен музыкалық–эстетикалық тәрбиесін жетілдіру;

- орындау шеберлігін жетілдіру;

- дарынды балаларды анықтау және қолдау

Өткізілу шарты :

-қатысушылардың жасы – кіші топ – 7-9, кіші топ – 10-12, орта топ – 13-15, жоғарғы топ -16-18 жастағы оқушылар;

-қатысушылардың  саны -  әр мектептен 1- 2 орындаушы

Күй тартыс   2  кезеңнен тұрады:

I кезең -2 домбырашылар сайысы

Кіші топтың  - 7-9 жастағы бағдарламасы:

I – тур:

  1. Сейтек «Тойбастар»
  2. Халық күйі «Нәр агачи»
  3. Халық күйі «Сары өзен»
  4. Халық күйі «Кеңес»

II – тур:

  1. Халық күйі «Жалқы жігіт»

Кіші топтың  - 10 - 12 жастағы бағдарламасы:

I – тур:

  1. Күмісбеков «Өмір жолы»
  2. Тәттімбет «Құр ойнақ»
  3. Дәулеткерей «Қыз Ақжелең»
  4. Дина «Той бастар»

 II – тур:

  1. Құрманғазы «Саранжап»

Орта топтың  - 13-15 жастағы бағдарламасы:

          І-тур:

1.Құрманғазы. «Бозшолақ».

2.Дәулеткерей  «Құдаша»

3.Тәттімбет  «Сырнайлы қосбасар»

4.Құсайынов «Мереке»

ІІ-тур-соло:

Құрманғазы «Ақсақ кийк».

      Жоғарғы топтың – 16-18 жастағы  бағдарламасы:

І-тур:

1.Қазанғап. «Ұршықтың жұртта қалғаны».

2.Құрманғазы. « Серпер».

3.Әубәкіров  «Талас».

4.Тәттімбет «Сылқылдақ».

ІІ-тур -соло:

Құлшар  «Кербез керік»

        Бағалаудың өлшемдері:

-орындау шеберлігінің деңгейі;

-көркем орындаушылық деңгейі;

-стилистикалық ерекшеліктерді меңгеруі;

-сахналық мәдениеті.

Сұраныстар 2018  желтоқсанның 1 жұлдызына дейін

dmsh_2astana@mail.ru e-mail, 21-70-73 тел. қабылданады

Мекен-жайы:  Ш.Айманов,8


                                                                                                      Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім»

                                                                                                           ІV Республикалық  байқауның

                                                                                                                                ШАРТТАРЫ

Астана қаласы, 05 қантар 2019 ж.

БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ

  • Астана қаласының білім басқармасы
  • Астана қ. № 2 Балалар музыка мектебі – ЮНЕСКО Клубы

 БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ мен МІНДЕТІ

  • дарынды, кәсіби болашағы зор жас музыканттарды тауып, қолдау көрсету
  • өскелең ұрпақты Қазақстан композиторларының шығармашылығына бауулу
  • орындаушылық өнер дәстүрін сақтау және дамыту
  • педагогикалық ортаның шығармашылық байланысын кеңейту

БАЙҚАУДЫҢ  ӨТКІЗІЛУ ШАРТТАРЫ

Сайысқа Балалар музыка мектебі мен өнер мектептеріндегі қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің оқушылары қатыса алады. Конкурс келесі номинациялар бойынша өтеді:

  • қазақ ұлттық аспаптар оркестрі  (сандық құрамы 30 адамнан кем болмауы тиіс)
  • аспаптық ансамбль( фольклорлық, домбырашылар ансамблі, қобызшылар ансамблі, жетіген ансамблі)

Байқаудың  бағдарлама жатқа орындалады. Өтініште көрсетілген шығарманы  сайыс барысында өзгертуге болмайды.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

Бағдарламада болуы тиіс:

  • Н.Тілендиевтің 1 шығарма
  • өз таңдауындағы шығарма

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Конкурс – фестивальдің әділ – қазылар алқасының құрамына профессорлар, доценттер, танымал музыкант – орындаушылар мен ҚР ның мәдениет қайраткерлері кіреді.

Әділ – қазылар алқасы:

барлық жүлделерді марапаттамауға;

қосымша жүлделер тағайындауға(жүлделік қордың көлемінде);

бір жүлдені бірнеше орындаушыларға бөліп беруге;

үздік орындалған жеке шығармаға жүлде тағайындауға;

оқытушылар мен концертмейстерлерді жүлделермен марапаттауға толықтай құқылы.

Конкурстық тыңдалым кезінде, кәсіби деңгейі сайыстың талабына сай келмеген қатысушыны,әділ – қазылар алқасы  тоқтатуға қақысы бар.Әділ – қазылар алқасының шешімі нақты және қайта қаралмайды.

ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛАПТАР

Конкурсқа қатысу үшін төлем: бір ұжымға 20.000 тенге

         Төлем – ақы конкурсқа қатысушыларды тіркеу күні аударым арқылы немесе нақтылай төленеді.

         Конкурсқа катысуға кететін барлық шығындар (Астана қ. дейінгі жол - ақысы, жататын жер, тамақтану, тіркеу жарнасы), конкурсқа қатысушылырдың есебінен жүзеге асырылады. Қонақүй мен транспортты брондау қажеттілігі туралы 2018 жылдың  01 желтоқсанына дейін отініш қағазы арқылы хабарлау керек.

Темір – жол вокзалына келу күні мен уақытын оргкомитетке алдын – ала хабарлау қажет.

Аталған талаптарды орындамаған жағдайда оргкомитет қатысушыларға орналасу бойынша транспортты тағайындаудан бас тарта алады.

Қосымша ақпаратты:

Барлық сұрақтарды dmsh_2astana@mail.ru электрондық мекен – жайына жібере аласыздар.

Конкурс – фестиваль оргкомитетінің координаттары:

010000 Астана қаласы,   Ш.Айманов көшесі, 8

 №2 Балалар музыка мектебі – ЮНЕСКО Клубы

           Тел.8-7172-21-70-73 (раб.)

сот.8-778-689-30-20 (Қарлығаш Қанатовна)

Қатысу үшін өтініш – анкетасы

Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім»

  ІV  Республикалық  байқауына қатысу үшін

ӨТІНІШ – АНКЕТА

1. Оқу орны (толығымен), мекен – жайы, байланыс телефоны
_____________________________________________________________________
2. Ұжымның атауы__________________________________________________________

3. Оқытушының аты - жөні (толық), мекен – жайы, байланыс телефоны______________________________________
_____________________________________________________________________
4. Орындалатын шығарма«авторы, әр – бір туындының хронометражы)
I________________________________________________________________________________
IІ________________________________________________________________________________
5. Қонақ – үйді брондау (орындар санын, жынысын, жайлылықтың қажетті деңгейін көрсету керек)
_____________________________________________________________________________________
5. Келу,кету күні мен уақыты_______________________________________